Қарағанды әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Майқұдықтағы жолдың күрделі жөнделуі туралы айтып берді.
Қала басшысының айтуынша, жол төсемін ауыстыру жұмыстары жуырда тәмамдалады.
Сондай-ақ, жақын арада аялдамаларды абаттандыру аяқталады.
«Майқұдықтағы Магнитогор және Карл Маркс көшелеріндегі автомобиль жолын күрделі жөндеуге келсек, біз аяқталу сатысында тұрмыз деп айтуға болады. Жөндеу жұмысы «Сырдария» аялдамасына дейін жетіп, абаттандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Жолдың екінші бөлігін – «Сырдариядан» 14 магистральға дейін (ХМК) осы аптада ашамыз», - деп атап өтті қала әкімі.
Қазір жарықтандыру, бағдаршамдар, жаяу жүргіншілер өткелдері, белгілер, тротуарлар төселуде.
Қала билігі бұл жұмыстарды жақын арада аяқтауды жоспарлап отыр.
«Майқұдық жолында тротуарларды жарықтандыру да жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді – 1000-ға жуық жарық нүктелері пайда болады. Сондай-ақ, біз жол шеттерін абаттандырумен және аялдама павильондарын жаңартумен айналысамыз. Биылғы жылы абаттандыруға қатысты барлық жұмыстар «Сырдария» аялдамасына дейін орындалатын болады. Біз дәл осындай міндет қойып отырмыз», - деді Ермағанбет Бөлекбаев.