қораға арнайы тор орнатып оны жазаламақ болған. Оның бұл ісіне қарсы әрекет жасауға бел буған маймыл түнде фермаға кіріп, 30-ға таяу тауықтың мойнын бұрап өлтірген. Ферма қожасы әуелгіде бұл қастандықты адамдардан көрген. Бірақ көп уақыт өтпей, осындай оқиға тағы қайталанған. Әлгі маймыл араға бірнеше күн салып 20-ға таяу тауықты өлтіріп кеткен. Осы оқиғаның үстінен түскен фермер 5 мың долларға жуық шығынға ұшырағанын сол сәтте сезбеген де болар.
13:00, 19 Желтоқсан 2013
Маймыл ферма қожайынынан кек қайтарды
АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тайвандағы Илан қаласында тауық фермасының қожайыны тауықтарға шашылған жемді маймыл қайта-қайта ұрлап маза бермеген соң,