Майндағы Франкфурт әуежайы қызметін тоқтатқан бомбаның көзі жойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Майндағы Франкфурт әуежайында салмағы 500 келі болатын Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомба табылып, әуежай қызметіне кедергі келтіргені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

ИТАР-ТАСС агенттігінің ақпаратына сүйенсек, бомба сейсенбі күні кеште құзырлы органдардың қадағалауымен жарылып, көзі жойылды. Жарылыстан кейін жерде диаметрі 25 метр, тереңдігі 3 метрлік шұңқыр қазылып қалған.