Майра Амантаева: Тамыз конференциясында ұстаздарға қатысты өзекті мәселелер айтылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы тамыз конференциясында білім саласындағы біраз мәселенің шешімі табылғандай болды. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы Майра Амантаева тамыз кеңесіне қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жолғы Тамыз конференциясында ПрезидентҚасым-Жомарт Кемелұлының өзі келіп, білім саласына қатысты өзекті мәселелердіқозғап, пікірін айтқанына қуанып қалдық. Мемлекет басшысының айтуынша, білімсаласы – елдегі жетекші саланың бірі болуы керек. Өте орынды пікір деп айтар едім.Білім және ғылым саласында қордаланып қалған мәселелерге терең талдау жүргізеотырып, Үкіметке, әкімдіктерге нақты тапсырмаларды берді. Әсіресе, Президенттіңөз аузымен мұғалімдерді міндетінен тыс жұмыстарға араластырмау туралыескертпесі ұстаздардың көкейіндегі ойды дөп басты», - деді Майра АмантаеваҚазАқпарат тілшісіне.

Одақ төрайымының айтуына қарағанда,мұғалімдердің еңбекақысының екі есеге өсуі – білім саласындағы мықты мамандардысақтап қалуға септігін тигізері анық.

«Білім саласының мәселелерінекелгенде билік тарапы елдің пікіріне әбден құлақ асқаны байқалады. Яғни,тікелей мұғалімдердің мәселелерін шешетіндей бастамалар көтеріліп, жауаптымекемелерге тиісті тапсырма берілді. Ел Президентінің өзі айтып тұрғаннан кейін– жауаптылар қалай орындамайды!? Ал біздің кәсіподақ Президент тапсырмаларыныңорындалуына мұрындық болары анық. Байқағаныңыздай, Білім және ғылым министріАсхат Аймағамбетов те көптің көкейінде жүрген мәселелерді атап кетті. Үштілділікке байланысты ұстанымның өзі ретке келгендей болды. Негізгі тіл – анатіліміз, яғни қазақ тілі болуы керек. Кәсіподақ жыл бойы білім саласына қатыстымәселелерді көтерген болатын. Соның біразы бүгін шешілгендей болды. Енді соныңорындалуына көмектесетін боламыз», - деді ол.

Еске сала кетсек, бүгін Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Bіlіm jáne Ǵylym!» атты тамызконференциясының пленарлық отырысы өткен болатын.


Соңғы жаңалықтар