Майра Файзуллаева Азия чемпионатында «қола» иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайландтың Пхукет қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлады Sports.kz.

Бүгін әйелдер арасында 69 келіге дейін салмақ санатында Құрлықтағы мықтылар анықталды.

Жарыстың чемпионы қоссайыста 247 келі (107 140) жинаған қытайлық Хонли Си болды. Екінші орында солтүстіккореялық спортшы Ун Хай Паек ( 241(106 135). Қола медаль біздің Майра Файзуллаеваға (226 (101 125) бұйырды.