Ол қазір жаттығуды күшейтіп жатқанын айтты. «Мен қазір дайындық үстіндемін. Қазақстанға тағы бір алтын әкелгім келеді!», - деп жазды Майя Манеза.
Еске сала кетейік, жоғары жүлделі медальді ол 2012 жылғы Лондонда өткен ойындарда жеңіп алған. 63 келіге дейінгі салмақ санатында қатысқан Манеза олимпиялық рекорд - 245 келі нәтижені көрсетті.