Бұл туралы порталға күйеу жігіттің өзі хабарлаған.
«Бізде тек неке қидыру салтанаты өтеді. Үлкен той жасамаймыз. Сондай-ақ Майя білім алып жатқан ҚазҰПУ университетінің сұрауы бойынша «қыз ұзату» өтеді. Олар өздері ұйымдастырып жатыр», - деп бөлісті В.Ершов.
Вячеслав сонымен қатар Майя қызбен қалай танысқаны жөнінде әңгімелеп берді: «Мен өзім ауыр атлетшімін. 2006 жылы Азия ойындарын жеңіп алдым. Майя екеуміз спорттық жаттығу жиындары кезінде таныстық».