«Біз мамырда өтетін Астана экономикалық форумына шақырту алдық. Сонымен қатар ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне міндетті түрде қатысатын боламыз»,-деді В. Орбан.
Сондай-ақ ол мәдени және білім беру саласындағы ынтымақтастық өте маңызды екенін атап өтті. «Будапеште Астананың аты берілген көше бар. Бізде көп қазақстандық студенттер білім алуда. Бүгінгі келіссөздердің нәтижесінде, Астанадан Мажарстанға оқуға келетін студенттер саны 200-ге дейін артатын болады», - деді В. Орбан.
Сөз соңында ол Мажарстан тарапынан келген делегацияның сапары табысты өткенін атап өтті.