«Әрине, Мажарстан да қазақ инвесторларын күтеді. Бізде инвестиция үшін өте қолайлы жағдайлар жасалған. Мажарстанда экономика өсімі биыл 7%-ға жетеді. Бағалау бойынша халықаралық ұйымдар да біздің мәртебемізді арттырады», - деді Михай Варга ҚР СІМ басшысы Мұхтар Тілеубердімен кездесуде.
Спикердің айтуынша, Мажарстанда Еуропа одағы бойынша бизнес жүргізу үшін ең төменгі салық белгіленген.
Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі Михай Варга кездесті Мұхтар Тілеуберді Мажарстанға QazVac вакцинасын қолдануды ұсынды.
Мажарстан үкіметі энергетика, су шаруашылығы, медицина саласындағы ынтымақтастыққа сенім артып отыр. Мажарстанның Қазақстанға экспортының 70%-ы – дәрі-дәрмектер мен фармацевтикалық өнімдер.