Мажарстан парламенті халықаралық қылмыстық соттан шығу туралы заң жобасын мақұлдады
АСТАНА.KAZINFORM — Құжатты депутаттардың үштен екісінен астамы қолдады, деп хабарлайды ТАСС.
Мажарстанның бір палаталы Парламенті елдің халықаралық қылмыстық соттан шығуы туралы заң жобасын мақұлдады. Заң шығарушы органның сайтында жарияланған дауыс беру барысында депутаттардың үштен екісінен астамы тиісті құжатты қолдаған.
Бұл құжатты Парламентте ұсына отырып, Венгрия Сыртқы істер министрлігінің басшысы Петер Сийярто соңғы жылдары ХҚС қатты саясаттандырылғанын және оны әртүрлі мемлекеттер халықаралық қақтығыстардағы мақсаттарына жету үшін қолдана бастағанын айтты.
— Венгрия саясат пен геосаясаттың халықаралық ұйымдарда орны жоқ деп есептейді, — деді министр.
Венгрия Үкіметі бұл шешімді Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Будапештке сапарына орайластыра отырып, сәуір айының басында елдің ХҚС-тан шығатынын жариялады. Ол радикалды палестиналық ХАМАС қозғалысына қарсы күресте Венгрияның қолдауына ие болды.
Өткен қарашада ХҚС Палестина аумағында әскери және адамзатқа қарсы қылмыстар жасады деген айыппен оны тұтқындауға санкция берді. Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан бұл шешімді «абсурд және ұят» деп атады.
Бұған дейін Биньямин Нетаньяху халықаралық қылмыстық сот ордеріне қарамастан Будапештке келгенін жазған едік.