Л.Шойом Словенияның Комарно қаласына бейресми сапармен, Мажарстанның тұңғыш королі Әулие Штефанның ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысу үшін бармақ болған. Словакия өкіметінің шешімі мажар президентіне жол үстінде жеткен.
Комарно қаласы Словакия мен Мажарстанның шекарасында орналасқан. Қала тұрғындарының көпшілігін этникалық мажарлар құрайды. Мажар ұлтының жағдайы көрші Мажарстан мен Словакияның арасындағы түйінді мәселелердің бірі болып табылады. Мажарстан словакиялық өкіметті мажар ұлты өкілдерінің құқықтарына қысым көрсетуде деп айыптайды.