АСТАНА. ҚазАқпарат - Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде қазақстандық Айбек Оралбай қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Иштван Бочкаиді еске алуға арналған жарыста 92 келі салмақта сынға түскен А.Оралбай неміс боксшысы Александр Окаровпен кездескен еді. Жекпе-жек барысында Айбек қарсыласынан басым екенін көрсетіп, нокаутқа түсірді. Осылайша жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетсек, бұдан бұрын жартылай финалға Дамир Әбдіқадыр (51 келі) мен Теміртас Жүсіпов (48 келі) жолдама алған еді.
Ал ел құрамасынан Нұрбек Оралбай 80 (келі) 1/4 финалда украин боксшысы Александр Хижнякке жол беріп қойды.
Қазақстандық бапкерлер аталған турнирге ел құрамасы сапында 13 боксшыны алып барды.
Видеодан алынған кадр
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.