Көрмені Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Мажарстан парламентінің вице-спикері Шандор Лежак барып тамашалады.
«Егемен Қазақстан» газеті мен «ҚазАқпарат» ХАА-ның фототілшілері ұсынған туындылар құрылтай қатысушыларының ерекше назарын аударды.
Көрмеде қонақтарға Қазақстанның бай тарихы мен бүгінгі қайталанбас келбетінен сыр шертетін 30 фотосурет ұсынылды. Оларды білікті фототілшілер - Ерлан Омаров, Мұхтар Холдорбеков, Виктор Федюнин, Александр Павский және Ильзат Сафаргалиевтер түсірген.