Бұл сында Қазақстан командасы екінші топта өнер көрсетіп, барлық матчтарда жеңіліс тапты. Алдымен қазақстандықтар Венгрия құрамасынан 19:46 есебімен жеңілсе, кейін Рио Олимпиадасының чемпиондары Ресей командасына 26:33 есебімен жол берді. Топтағы үшінші кездесуде қазақстандықтар Сербиядан 30:42 есебімен ұтылды. Осылайша, алты ұпай жинаған ресейліктер Олимпиадаға жолдама алды. Венгрия 4 ұпаймен екінші, Сербия 2 ұпаймен үшінші орында. Өкінішке қарай, қазақстандықтар бірде бір ұпай иеленген жоқ.
17:02, 23 Наурыз 2021
Мажарстанда гандболдан олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды
ДЬОР Мажарстанның Дьор қаласында гандболдан әйелдер командасы арасында Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.