Мажарстанда қала сыртындағы тұрғын үйлерге сұраныс артты

Фото: Азертадж

АСТАНА. KAZINFORM — Мажарстан астанасы Будапешттің жылжымайтын мүлік нарығында айтарлықтай өзгерістер байқалып жатыр, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Мамандар қаладағы, әсіресе орталық аудандардағы пәтерлерге сұраныстың азаюын тіркеп отыр, ал қала сыртындағы жылжымайтын мүлікке деген қызығушылық артып келеді.

Будапешттегі пәтерлердің бағасы төмендеп жатыр. Бұл ұсыныстың артық болуы мен сатып алушылардың аздығымен байланысты. Қала тұрғындары көбірек қала маңына және көл жағалауларына көшіп жатыр, мұнда сұраныс пен баға өсімі байқалады.

Будапешт орталығындағы стандартты пәтерлер танымалдылығын жоғалтып жатса, керісінше қала сыртындағы тұрғын үйлердің маңызы артқан.

Аналитиктер негізгі себептер ретінде қалада өмір сүру шығындарының өсуін, пандемиядан кейін басымдықтардың өзгеруін, көлік инфрақұрылымының жақсаруын және қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігінің дамуын атайды. Сатып алушылар кеңдік пен тыныштықты іздеп, қала сыртындағы тұрғын үйлерге бет бұрған.

Алдағы айларда бұл тенденция сақталады деп күтіледі Будапешттегі пәтерлердің бағасы біртіндеп төмендей береді, ал қала маңына деген қызығушылық тұрақты түрде өседі.

Бұдан бұрын биыл Мажарстанда жеміс-жидек дақылдарының түсімі күрт төмендеп, бұл бағаның өсуі мен экспорт көлемінің азаюына себеп болғанын жазғанбыз.