Мажарстанда Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Фото: Ақорда

БУДАПЕШТ. KAZINFORM – Мажарстанға мемлекеттік сапармен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Будапешт қаласындағы Король сарайының Арыстандар алаңында ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысын әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан қарсы алды.

Фото: Ақорда

Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Содан кейін Құрмет қарауылы мен салт атты гвардия салтанатпен сап түзеп өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Фото: Акорда

Қазақстан Президенті Мажарстанға мемлекеттік сапармен барғанын хабарладық. Сондай-ақ Тоқаев пен Орбан Мажарстан мен Германия арасындағы футбол матчын тамашалады.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Оқи отырыңыз,  Kazinform тілшісі Қазақстан мен Венгрия қарым-қатынасын шолып, даму жолына көз жүгіртті.