Мажарстандық университет еуропалық білім берудің лайықты үлгісі

None
АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Ризуана Садықова/ - Мажар тілі орыс, қытай және фин-угор тобына жататын тілдерді қоспағанда, әлемдегі ең күрделі тілдер қатарына жатады. Үздіксіз оқып үйренген барлық тыңдаушылар он ай ішінде «толық сіңіру» әдісі бойынша оқытылған жүйеде мажар тілін меңгерушілер қатары көбейді.
БҰҰ стипендиаты, Этвеш Лоранд атындағы Будапешт университетінің түлегі, PhD, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Кәмила Шериязданова осылай деп санайды.- Өзіңіз және отбасыңыз туралы айтсаңыз? Мажарстанда оқуға не себеп болды?- Мен 1979 жылы Алматы қаласында ғалымдар отбасында дүниеге келдім ? әкем профессор, физика-математика ғылымдарының докторы, ал анам ? психология ғылымдарының докторы, сондықтан да маған ғылым жолын таңдауды құдай бұйырған деп түсінемін. 1996 жылы ағылшын тілінде дамытып оқытатын мектепті бітірген соң, мен БҰҰ стипендиясын ұтып алдым және сол жылы Будапештегі Янош Кодолани атындағы Мажар тілі институтына жолдама алдым.- Мажар тілі әлемдегі ең қиын тілдердің бірі деп айттыңыз. Оны Сіз қалай жақсы меңгеріп алдыңыз?Ия, мажар тілі орыс және қытай мен фин-угор тобына қатысты тілдерге қарағанда сирек кездесетін тіл ретінде саналады. Он ай ішінде барлық тыңдаушылар мажар тілін жетік меңгеріп шықты. Әрине, мен, тілді терең меңгеруге «толық сіңіру» әдісі көп көмектесті деп ойлаймын, бұл өте тиімді болды да. Тілді жетік меңгеруге қоршаған ортаның да септігі аз болмады. Шынын айтқанда, мен осы елді және оның салт-дәстүрін жақсы көріп кеттім.Ал, Этвеш Лоранд атындағы Будапешт университетінің мемлекет және құқық факультетіне мен 1997 жылы түстім. Оқудың алғашқы жылдары мажар тіліндегі лекцияны ұғып түсіну оңайға тиген жоқ, алайда аз уақыт өтпей-ақ, біз бұл тілді терең меңгере бастадық. Дегенмен, қиындыққа төзуге болады деп текке айтылмаса керек. Будапештте осы тілді үйренуге жұмсалған 7 жылымды текке кетті деп айта алмаймын. Бұл тілде сөйлемегеніме де бес жылдан астам уақыт өтті. - Сіздің кәсіби қызметіңіз туралы білгіміз келеді? Сіз қандай қиындықтармен кездестіңіз және оларды қалай жеңе алдыңыз?- 2003 жылы заң және саяси ғылымдарының докторы дәрежесінде оқуды аяқтадым. Аталған диплом ҚР Білім және ғылым министрлігінде юриспруденция магистрінің академиялық дәрежесі ретінде тіркелді.Мен көптеген «болашақтықтардың» оқудан кейін өз отанында жұмыс таба алмайды деген сөздерімен келісемін. Менің ұққаным 3 жылдық жұмыс тәжірибең болмаса, заңгер болып орналасу елімізде өте қиын екен. Оның үстіне менің өз дипломымды қуаттауым да әжептеуір қиындық болды. Бұл жерде Мемлекеттік қызмет агенттігінің де пысықтайтын мәселелері бар, деп ойлаймын.Сондықтан да мен өз қызметімді Қазақ мемлекеттік гуманитарлық-заң университетінде психологиялық зерттеу орталығының ғылыми қызметкері дәрежесінен бастадым. 2004 жылдан бүгінгі күнге дейін Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарамын. «Орталық Азиядағы халықаралық ұйымдардың қызметі», «Әлемдік ықпалдасу үдерісі», «Дипломатиялық хаттама және этикет» тақырыбына лекциялар оқимын. Сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының сыртқы саясат және дипломатия институты кафедрасында аға оқытушы қызметін қоса атқарамын. «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша 8 магистр дайындадым. 2005 жылы «Саяси ғылымдар» мамандығы бойынша докторантураға түстім. Докторантураны өту кезінде екі рет Париж қаласындағы (Франция),Әлеуметтік-қоғамдық ғылымдар жоғары мектебінде (EHESS), сондай-ақ Шығыс тілдерін оқыту және өркениеттер ұлттық институтында (INALCO) оқып қайттым. Өткен жылы «Орталық Азиядағы ықпалдастық үдерістер: мәселелері мен келешегі» тақырыбына диссертация қорғадым, содан кейін маған «Саясаттанушы» мамандығы бойынша философияның академиялық докторы дәрежесі PhD берілді. 1 монографияның («Орталық Азия қазіргі заманғы ықпалдастық даму серпінінде - ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы, 2008, - 308 б.) және 2008-2010 жылдарға арналған ҚР Білім және ғылым министрлігінің дарынды жас ғалымдардың мемлекеттік ғылыми стипендиясына байланысты 30-дан астам ғылыми мақала жарияладым. - Жастарға қандай тілек айтар едіңіз?- Біздің елімізде білімді және еңбек сүйгіш жастарға қайда болсын есік ашық. Шығысеуропалық университеттер жақсы өмірлік жолдамалар бере алады. «Өмір мектебі» аталатын табалдырықтан өткенім үшін, шет елде білім алғаныма еш өкінбеймін. Әрине, қиындықтар болды, бірақ, бұл ешқандай қазынаға бергісіз студенттік шақ болды. Шет елдерде оқу өте қызықты және пайдалы, оның үстіне атағы танымал Орталық және Шығыс Еуропада негізі ХVІІ ғасырда қаланған оқу орындарында білім алсаң оның жөні де мәні, де тіпті басқаша. Бұл жақсы білім алудың көрсеткіші ғана емес, көкжиегіңді кеңітіп, жан-жақты дамуды қамтамасыз етеді. Мен оқытушылық қызметімде Э.Лоранд атындағы университетте алған еуропалық білімім мен сонда жинақтаған мол тәжірибемді пайдаға асырып жатырмын.