Мәжіліс 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады
Енді құжат Парламент Сенатына жолданатын болады.
«2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы бойынша 2013 жылы бюджет түсімдері 5 трлн. 415,1 млрд. теңгені құрайтын болады. Ондағы кіріс 3 трлн. 828 млрд. теңге шамасында айқындалған. Кірістің басым бөлігін салықтық түсімдер құрамақ. Бұл бюджет кірісінің 97,6 пайызына тең болжанады. Ал шығыстарға келсек, келер жылғы бюджеттен оның көлемі 6 трлн. 200 млрд. теңгеге қалыптасты. Бюджет тапшылығы 2013 жылы 785 млрд. теңгені құрайды.
Бұған дейінгі секілді бюджетте әлеуметтік бағдар басымдыққа ие. Атап айтсақ, 2013 жылға арналған әлеуметтік шығыстардың үлесі жалпы шығыстардың 39 пайызына немесе 4 трлн. 583,5 млрд. теңгеге жетеді. Ал Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттер көлемі 2013 жылы 1 трлн. 380 млрд. теңгені құрайды.