Депутаттар алдында аталған мәселе бойынша ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов түсінік беріп, бұл бағыттағы Ата заңда қамтылған нормаларға тоқталып өтті. Мәжіліс депутаттары А. Нұрмағамбетовтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.
11:14, 08 Маусым 2011
Мәжіліс А. Нұрмағамбетовты ҚР Конституциялық Кеңес мүшесі етіп тағайындады
АНА. 8 маусым. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары ҚР Конституциялық Кеңесінің ұсынысы бойынша ҚР Конституциялық Кеңестің мүшесі лауазымды қызметіне Аманжол Мағзұмұлы Нұрмағамбетовты тағайындады.