«Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасында адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұйымдық-құқықтық негіздерін айқындау, оның ішінде адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органдарды, олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу, ұйғарымдарды халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру, жаңа ұғымдарды енгізу, адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерін және олардың құзыреттерін айқындау, адам саудасының тәуекелдерін бағалауды енгізу көзделген», - деді депутат Снежанна Имашева Мәжілістің жалпы отырысында.
Оның айтуынша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ілеспе заң жобасында «Неке және отбасы туралы» кодекске, Қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстерге, «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заңға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға және прокуратураға балалардың саудаға түсу фактілері туралы хабарлау жөніндегі міндеттерді енгізуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.
Сондай-ақ, адам саудасына байланысты қылмыстардың тізбесін белгілеу, жәбірленушілерді ҚР «Адам саудасына іс-қимыл туралы» заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер алу құқығы туралы хабардар ету, адам саудасына байланысты жекелеген қылмыстарды қосу да көзделген.
«ҚР адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне толықтырулар енгізу туралы» заңның ілеспе жобасында медициналық ұйымдардың, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды адамдарының жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу және бала құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретін айқындау көзделеді.