«Заң жобасы Мәжіліске 2019 жылғы 29 қарашадағы ҚР Үкіметінің Қаулысымен енгізілді. Құжаттың мақсаты - атом энергетикасын дамытудың ұйымдастырушылық және құқықтық тетіктерін жетілдіру бойынша түзетулер енгізу мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - деді Парлаламент Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский.
Осы орайда тиісті заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.
«Комитет заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2020 жылғы 9 желтоқсанға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын», - деп нақтылады депутат.
фото: hightech.plus