тұрақтылығын және оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылға АҚШ-тың қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін жүк пен персоналдың әуе транзиті туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Қазақстан Президенті Н. Назарбаев пен АҚШ президенті Б. Обаманың уағдаластығына сәйкес, АҚШ жүгін және персоналын Ауғанстанға әуе арқылы транзиттеу туралы екіжақты келісімге 2010 жылы 12 қарашада Вашингтонда қол қойылған. «Жалпы, осы кезге дейін АҚШ әуе транзиті 2001 жылғы және 2002 жылдың 10 шілдесіндегі екі ел үкіметтері арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде жүзеге асып келген еді. Соның нәтижесінде бүгінге дейін 10 мыңға жуық транзиттік рейс іске асты. Ал келісім күшіне енген күннен бастап аталған меморандумдар өз күшін жоятын болады. Айта кетерлігі меморандумдармен салыстырғанда келісім жүк транзитін және мамандарды әуе арқылы тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру, мүмкін болатын залалды өтеу, кедендік тексеру мен шекаралық бақылау, сондай-ақ дауларды шешу мәселелерін реттейді», - дейді Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров.
Оның айтуынша, келісім Ауғанстанды тұрақтандыруды қолдауға бағытталған әрі Орталық Азия қауіпсіздігіне оң әсерін тигізетін болады. «Елбасы осы келісімге саяси мән береді. Себебі ол ауған мәселесін шешудегі Қазақстанның сүбелі үлесі болмақ. Бұл Президент Н. Назарбаевтың еліміздің төңірегінде қауіпсіздік аймағын құру жөніндегі аса маңызды сыртқы саяси мақсатына да сай келеді», - дейді Қ. Омаров.