Мәжіліс Азаматтық іс жүргізу мәселелеріне арналған конвенцияны мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Азаматтық іс жүргізу мәселелері жөніндегі конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Аталған конвенция 1954 жылғы 1 наурызда Гаагада жасалған.

Құжатқа сәйкес, шетелде жүрген адамдарға азаматтық немесе сауда істері жөніндегі құжаттарды тапсыру сұрау салушы мемлекеттің консулының өтініші бойынша жүзеге асатын болады. Ал азаматтық істер бойынша құжаттарды тапсыру сұрау салынатын мемлекеттің заңнамасы бойынша құзыретті органның көмегімен жүргізіледі. Сонымен қатар, егер мұндай құжаттарды тапсыруды сол мемлекет өзінің егемендігіне, қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деп санаса оны тапсырудан бас тартуы мүмкін.

«Конвенцияға сәйкес, табысы аз адамдар уағдаласушы мемелкеттердің бірінің азаматтары жергілікті азаматтармен бірдей негіздерде азаматтық хал актілерінен үзінді көшірмелерді тегін беруді талап ете алады», делінген заң жобасының қорытындысында.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.