заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.
Депутат Меруерт Қазбекованың атап өтуінше, заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстан, Беларусь және Ресей арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру шеңберінде Кеден одағына қатысушы елдердің монополияға қарсы заңнамасын үйлестіру болып табылады. Сонымен қатар, құжат қолданыстағы монополияға қарсы ұлттық заңнаманы жетілдіруді де көздейді.
Депутаттар заң жобасы бойынша жұмыс барысында онда бөлек нормаларды жақсартуға негізделген бірқатар өзгертулер енгізді.