Мәжіліс бітімгершілік қызметтің қағидаттарын айқындайтын құжатты мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Бітімгершілік қызмет туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Қазақстанның қабылдаған халықаралық мiндеттемелеріне сәйкес, ҚР ұлттық контингентiнiң бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдау жөнiндегi операцияларға (миссияларға) қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. Сонымен қатар, құжатта Қазақстан бiтiмгершiлiк қызметiнiң қағидаттары, мақсаттары мен мiндеттерiн айқындалады. Бұдан бөлек, заң жобасында ҚР Президентiнiң, Үкiметiнiң, Қорғаныс министрлiгi және басқа да мемлекеттік органдардың бiтiмгершiлiк қызмет саласындағы құзыреттерi белгiленедi.

Тұтастай алғанда, құжатты қабылдау бірқатар мүмкiндiктерге қол жеткiзетiн болады. Атап айтқанда, Қазақстанның әлемдiк саяси сахнадағы халықаралық беделiн арттыруға және елiмiздiң халықаралық ұйымдар мен қауымдастықтардағы мүдделерiн қорғауға септігін тигізеді. Бұдан бөлек, басқа елдердiң әскери және азаматтық персоналмен тиiмдi қарым-қатынас орнату және әрiптестiктi нығайту қарастырылады.

Заң жобасында ұлттық контингенттi әлеуметтiк қорғау шаралары, оның құқықтары мен мiндеттерi айқындалған. «Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында оның тақырыбын өзгерту жөніндегі түзетулер енгізілді. Құқықтық олқылықтарды жою мақсатында және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың бітімгершілік операцияларға қатысатын қызметкерлері мен қызметкерлерге берілетін кепілдіктерді бекіту үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне тиісті нормалар енгізілді»,-деді депутат Абай Тасболатов.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.