Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
Күн тәртібінің жобасына салалық комитеттер қорытынды әзірлеу уақытын нақтылау үшін Үкіметтен келіп түскен заң жобаларының бір тобы қосылды.
Осы топта Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мен адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелеріне түзетулер қаралатын болады. Сонымен бірге, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту, сондай-ақ қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары ілеспе түзетулерімен енгізілді.
Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин салалық комитеттерге осы мәселелермен қосымша жұмыс істеуді тапсырды.