Бұл туралы Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Парламентшілер назарына Палата қорытынды әзірлеу мерзімін нақтылайтын «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» (жаңа редакция) заң ілеспе түзетулерімен және «Жол жүрісі туралы» заң жобалары ілеспе түзетулерімен ұсынылмақшы.
Сонымен қатар алдағы өтетін жалпы отырыстың күн тәртібіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобалары қорытынды әзірлеуге шығарылатын болды.