Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.
Депутаттар талқысына табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мен сумен жабдықтау және су бұру мәселелеріне қатысты заң жобаларын бірінші оқылымда қарау ұсынылып отыр.
Мәжілісмендер азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы қазақстандық-әзербайжандық үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарайды.
Сонымен бірге, осы күні Палата білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенцияны, Халықаралық валюта қоры келісімінің баптарына түзетулерді, Қазақстан мен Венгрия мемлекеттерінің аумағында заңсыз тұратын адамдардың реадмиссиясы туралы қазақстандық-венгерлік үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты бейінді комитетке қорытынды әзірлеу мерзімін белгілеуді тапсырады.