16:59, 24 Сәуір 2009
Мәжіліс Бюросы Палатаның қарауына заң жобаларын ұсынды
АСТАНА. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен осы Палата Бюросының отырысы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің ұсынысы бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыға шығарылмақ.Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқыға салуды ұсынып отыр.Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» және еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобаларын бірінші оқылымда қарау жөнінде ұсыныс жасады.
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Мәдениет туралы» заңға түзетулер енгізуді қарастыратын заң жобасымен жұмысты жалғастыру жөніндегі мәліметі тыңдалды.
Сондай-ақ Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мәліметі бойынша Бюро отырысында Мәжіліс депутаттарының «Қазақстан және оның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуі: перспективалары мен проблемалары» атты конференцияның жұмысына (Австрия, Вена қаласы, мамырдың 6-сы) және ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық өлшемдер бойынша семинарға (Польша, Варшава қаласы, мамырдың 12-14-і) қатысуы туралы мәселе қаралды.