Мәжіліс бюросы: жалпы отырыста қаралатын мәселелер нақтыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Палата спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыста қаралатын мәселелер нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Осы ретте депутаттар Қазақстан мен Ресей арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартты, сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей азаматтарының екі елдің аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау сынды заң жобаларын талқылайды.

Сонымен қатар жалпы отырыстың күн тәртібі жобасында, Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы техникалық ынтымақтастықтың нысаналы қоры туралы келісімді ратификациялауға қатысты құжат бар.

Палатаға мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылып отыр.