Депутаттардың талқылауына бірінші оқылымда ойын бизнесі мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер шығарылады.
Кезекті жалпы отырыстың күн тәртібіне бірқатар ратификацияланатын құжаттар қосылатын болды. Олар 1999 жылғы 2 ақпандағы қазақстан-белорус арасындағы тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы және де Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен ортақ су торабы жөніндегі қазақстан-қытай үкіметаралық келісімдері. Палатаға азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының жарғысын ратификациялауды қарастыру да ұсынылды.
Сол отырыста Палата екінші оқылымда тұрғын үй қатынастары бойынша мәселелерге жасалатын заңнамалық түзетулер жобасын да талқылайтын болады.
Жалпы отырыста депутаттар жаңа заң жобаларына қорытынды әзірлеу мезгілін де нақтылайды. Ол - қазақстан-қытай үкіметаралық дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы. Осымен бірге кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелеріне заңнамалық жаңалықтар енгізу туралы да заң жобасы бар.