Депутаттардың талқылауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымға шығарылатын болды.
Сонымен бірге, «2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған соманы аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «2000 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобалары депутаттар қарауына ұсынылады.
Алдағы өтетін жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасына Палата қорытынды әзірлеу мерзімін нақтылайтын: «Оңалту және банкроттық туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қосылды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин Мәжілістің тиісті комитеттеріне алдағы болатын жалпы отырыста осы заң жобаларын сапалы қамтамасыз етуді тапсырды.