Мәжіліс Бюросында алдағы жалпы отырыста қаралатын мәселелер нақтыланды

None
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс Бюросында алдағы жалпы отырыста қаралатын мәселелер нақтыланды.

Палата қарауына ҰҚШҰ мүше-мемлекеттер аумағына әскери инфрақұрылым нысандарын орналастыру және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыруға қатысты бірқатар ратификациялық заң жобалары ұсынылмақ.

Жалпы отырыстың күн тәртібі жобасына сондай-ақ, «Жол жүрісі туралы» заң жобасы іслеспелі түзетулермен (екінші оқылым) енгізілді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметінен.