Мәжіліс Бюросында алдағы жалпы отырыста қаралатын мәселелер талқыланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті.

Алдағы жалпы отырыста халық қалаулылары ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялайтын  заң жобасын қарайды деп күтілуде.

Келісім төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ТМД-ға қаьысушы мемлекеттердің құзыретті органдары ынтымақтастығының құқықтық негіздерін белгілеуге бағытталады.

Сонымен бірге, осы күні Палата экологиялық мәселелерге қатысты түзетулерге байланысты Заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындамақ, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз  қызметі.