Мәжіліс Бюросында комитеттердің заң шығарушылық қызметі қаралды

None
АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен осы Палата Бюросының отырысы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасына Парламент Сенаты енгізген түзетулері жөніндегі мәліметі тыңдалды.Аталған комитет «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының талқыланып жатқандығы жайлы түсінік берді. Бюро отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Парламенттің қос Палатасы арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстары қаралды. Бұл жөнінде Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мәлімет берді. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің жауапкершілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысы жайлы ақпараты тыңдалды.Бюро отырысында айтылған бірқатар ұсыныстар Палатаның жалпы отырысының күн тәртібі жобасын бекіту кезінде ескерілетін болды.