Онда Мәжілістің салалық комитеттерінің ұсынуымен алдағы аптада өтетін жалпы отырыстың күн тәртібіне ұсынылатын мәселелер қаралды.
Бюро отырысында Үкіметтен келіп түскен жаңа заң жобалары жөнінде мәлімет жасалды. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларына Палатаның жалпы отырысында қорытынды әзірлеу уақыттары анықталатын болады.
Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен жұмысты жалғастыру міндеті жүктелді.
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Парламент Сенаты енгізген түзетулер жөнінде мәлімдеді.
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға Қосымша келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын Палатаның жалпы отырысының қарауына ұсынып отыр.