Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті палата жалпы отырысы күн тәртібінің жобасына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетігін жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қааруды ұсынды. Ал Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депутаттардың талқылауына «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасын шығаратын болды.
Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин аталған мәселелердің салалық комитеттерде пысықталуы жайында тапсырма берді.