Мәжіліс Бюросында Палатаның жалпы отырысына шығарылатын мәселелер қаралды

АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен Палата Бюросының отырысында Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер қаралды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібіне «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда ұсынылды.

Сонымен қатар «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» және соған сәйкес бірқатар заңдарға енгізілетін толықтыруларды қарастыратын заң жобалары бойынша Мәжіліс пен Сенат арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстары депутаттар талқысына ұсынылып отыр.