Мәжіліс бюросында Палатаның жалпы отырысының күн тәртібі нақтыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, Палатаның жалпы отырысының күн тәртібі нақтыланды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ол бойынша депутаттар рұқсатсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы қазақстандық - швейцариялық келісімді, сондай-ақ, Түркі Академиясын құру туралы Келісімді ратификациялау мәселелерін қарастырады.

Сонымен бірге, бейінді комитеттерге бірқатар жаңа заң жобалары, атап айтатын болсақ, 1999 жылғы 2 ақпандағы тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы қазақстандық-беларусьтік үкіметаралық хаттаманы ратификациялау туралы» және «Өсімдіктер карантині туралы» құжаттарға қатысты қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындау ұсынылады.