Мәжіліс Бюросында заң жобаларының дайындығы мен келісім комиссиясының ұсыныстары қаралды

АСТАНА. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен Палата Бюросының отырысында Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер қаралды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін өткен Бюро шешіміне сәйкес сәрсенбі күнгі жалпы отырыста «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Мәжіліс пен Сенат арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстары тыңдалатын болды.

Депутаттардың талқысына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылды.

Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібіне «Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы енгізілетін болды.

Сонымен қатар «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқыға салу көзделіп отыр.