Мәжіліс Бюросында заң жобаларының дайындығы сөз болды

АСТАНА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен осы Палата Бюросының отырысы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» заң жобалары, соларға сәйкес түзетулер де бірінші оқылымда депутаттардың талқысына шығарылатын болды.Күн тәртібіне мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдардың құқықтық жағдайы мәселелеріне қатысты заң жобасы және Экологиялық кодекске экологиялық қауіпті технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді реттеу мәселелері жөніндегі заң жобасы екінші оқылымда қаралады.Үкіметтен жаңадан келіп түскен заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімдері анықталатын болады.Сондай-ақ кейбір заңнамалық актілерге дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар талқыға салынады.