«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасы бірінші оқылымға шығарылатын болды. Ал Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасы ілеспесімен екінші оқылымда қаралады.
Салалық комитет Қылмыстық іс жүргізу кодексін даярлаудың басты мақсаты қылмыстық сот өндірісін одан әрі жетілдіру және азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндігін тиімді қорғау болып отырғанын атап өтті. Кодекс жобасының концептуалды ережелерін Палата осы жылдың 5 ақпанында бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Депутаттар негізінен соттардың тергеуі мен қорғаушылардың өкілеттігін кеңейту, сот өндірісі ісінде ұтымды сөз жарыстары мен тараптар теңдігі, сонымен қатар кейбір жобаның жеке баптарын жетілдіру бойынша түзетулер енгізді.