Мәжіліс Бюросында жалпы отырыстың күн тәртібіне ұсынылатын заң жобалары анықталды

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАақпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен Палата Бюросының отырысында заң жобаларының дайындығы туралы мәселелер қаралды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтарды ұстау негіздері мен тәртібін бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым) және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым) заң жобаларын Палата талқысына шығаруға болатынын мәлім етті.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіКеден одағына қатысты бірқатар заң жобаларын қарауды ұсынып отыр. Сонымен қатар осы комитеттің ұсынуымен «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы»заң жобасы қаралады.

Бюро отырысында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқыға салуға болатынын мәлім етті.