деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Салалық комитеттердің ұсынуымен Палатаның жалпы отырысының күн тәрбітіне «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңға түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасы ұсынылды. Еліміздің кейбір заңдарына балалардың құқығын қорғау туралы заң жоба екінші оқылымда, отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлеріне қатысты өзгерістер енгізуді қарастыратын заң жобасы шығарылатын болды. Және де «Неке (ерлі зайыптылық) және отбасы туралы» кодекс жобасы екінші оқылымда талқыға түседі.
Сонымен қатар бірқатар заң жобалары жалпы отырыста талқыға салынады.
Бюро отырысында Үкіметтен келіп түскен «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде мәселе қаралды.
Бірқатар салалық комитеттер заң жобаларымен жұмыс істеуді жалғастыру туралы ұсыныс жасады. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Қос Палатаның келісім комиссиясының ұсыныстары қаралды.