Мәжіліс бюросының шешімімен «Қазақ тілі - ел бірлігінің кепілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтетін болды

None
қпанның 26-сы. ҚазАқпарат - Наурыздың 15-і күні Мәжілісте «Қазақ тілі - ел бірлігінің кепілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтетін болды.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен Палата Бюросының отырысында осындай шешім шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің ұсынысымен«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралатын болды.

Ал Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын Палата қарауына ұсынды.

Бюро отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шаруа (фермер) қожалықтарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен жұмысты жалғастыру жөнінде Аграрлық мәселелер комитетінің мәліметі тыңдалды.