Мәжіліс депутат Жақып Асановтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

АСТАНА.  12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Жақып Асановтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының Өкімімен депутат Ж. Асанов ҚР Бас прокуратурасына қызметке ауысқан болатын. «ҚР Конституциясының 52-бабына және «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Заңның 24-бабы, 2,3,8-тармақтарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Жақып Асановтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізеді», - деді жиын барысында баяндаған Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.