Бұл мәліметті Мәжілістің баспасөз қызметі таратты.
Айта кету керек, 30 маусым мен 2 қыркүйек аралығын қамтитын парламенттік демалыс кезінде Мәжілісте өкілдері бар үш партиядан, яғни, «Нұр Отан» ХДП, сондай-ақ «Ақ Жол» ҚДП, Қазақстанның Коммунистік халық партиясынан сайланған депутаттар сайлаушылармен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар да сайлаушылармен кездесетіні жоспарлануда.
Ел азаматтарымен болатын жүздесулердің негізгі тақырыбы - бесінші парламенттік шақырылымның бірінші сессиясындағы депутаттық корпустың заң шығарушылық қызметі, атқарылған жұмыстардың қорытындылары, сондай-ақ сайлаушыларды толғандыратын мәселелер.