деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш заң жобасы бойынша баяндама жасаған депутат Ұзаққали Елеубаевтың сөзіне қарағанда, құжат балық шаруашылығы саласындағы қатынастарды реттеу үшін құқықтық негіз жасау мақсатында әзірленген. Сонымен қатар, ол балық шаруашылығының қолданыстағы заңнамада көрсетілмеген ерекшеліктерін заң жүзінде реттеп, осы саладағы тиісті заңнама нормаларын балық шаруашылығының қазіргі жай-күйіне сәйкестендіру мақсатын көздейді.