Мәжіліс депутаттары ел өңірлеріне аттанды

АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Мәжіліс депутаттары еліміздің өңірлеріне аттанды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халық қалаулылары қарашаның 23-і мен желтоқсанның 2-сі аралығында Қазақстанның барлық облыстары мен аудандарында болып, кездесулер өткізеді. Депутаттар Мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмаларының орындалуы, «Нұр Отан» партиясы бағдарламаларының жүзеге асуы жөнінде ел ішінде түсінік береді.

Сонымен қатар депутаттар Парламенттің төртінші шақырылымының үшінші сессиясы барысында талқыға салынған заң жобалары мен қабылданған заңдар туралы, еліміздің  экономикалық-әлеуметтік жағдайы жайлы мағлұмат береді деп күтіліп отыр. Сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП-ның жергілікті филиалдарының қабылдау бөлмесінде азаматтарды өтініштері бойынша қабылдайтыны көзделген.