Мәжіліс депутаттары Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында №4 қалалық аурухана ұжымымен кездесті

АЛМАТЫ. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Гүлмира Исембаева мен Серікжан Мұқашев Елбасы Жолдауын түсіндіру, насихаттау мақсатында Алматы қалалық №4 аурухана ұжымымен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кездесу барысында Мәжіліс депутаттары Елбасының биылғы Жолдауының ерекшеліктері, Үкіметтің дағдарысқа қарсы жүргізіп жатқан іс-шарасы туралы баяндап өтті. Сондай-ақ аурухана ұжымының сұрақтарына жауап берді. Мәжіліс депутаттарына негізінен шағын және орта бизнесті несиелендіру, ипотека, жалақының өсуі сынды сұрақтар қойылды.«Биылғы Елбасы Жолдауында айтылғандай, қазіргі дағдарыс кезінде қоғамның барлық саласына көңіл бөлінеді. Үкіметтің қазіргі іс-әрекеті осыны айғақтайды. Елбасы Жолдауында айтылғандай біз дағдарыс уақытында жұмылған жұдырықтай бірлескен іс-қимыл жасауымыз керек. Өйткені уақыт, дағдарыс осыны талап етеді», деді Мәжіліс депутаттары.